Ақтау қаласы, 21 шағын аудандағы бірнеше үйдің тұрғындары коммуналдық қызметтің сапасына шағымданды. Айтуларынша электр қуатының әлсіздігінен тұрмыстық техникалары үнемі істен шығады. Бұдан бөлек кәріз құдығы да кейде бітеліп қалады. Ал, су бірде болса, бірде жоқ. Ең сорақысы тұрғындар сапасыз қызметке заңды тұлғаларға арналған тарифпен ақша төлейміз деп ашынады. Ол өз кезегінде қалтаға салмақ. Жиналғандар бұл мәселемен бірнеше жылдан бері күресіп келеді.