"Құйылыс-Меловой" кен орнындағы су құбырының жөндеу жұмыстары жақын арада аяқталмақ. Сол арқылы тұрғындарға тәулігіне тағы 6-7 мың текше метр ауыз су беріледі. Бұған дейін "Каспий су тұщыту" зауытында қосымша қондырғылар іске қосылып, су қысымы көтеріліп, жағдай тұрақталған. Бұл туралы қоғамдық коммуникациялар орталығында өткен брифингте қала әкімі Әбілқайыр Байпақов мәлімдеді. Шаһарды дамытуға қатысты алда тағы қандай жоспарлар бар?