Жаңаөзенде интим суреттерді таратамын деп ақша бопсалаған күдікті ұсталды. Облыстық полиция департаменті өкілдерінің мәлімдеуінше қол түскен азамат 2004 жылы туған Жаңаөзен қаласының тұрғыны. Қазір күдіктінің үстінен ҚР Қылмыстық Кодексінің, 194-бабының 1-бөлігі бойынша іс қозғалды. қылмыстық құқық бұзушылық жасады деген күдікке ілінді. Тергеу барысында күдікті танысына интимдік фото және видеоматериалдарды жариялайтынын айтып, 600 мың теңге бопсалағаны анықталды.