«Мемлекет қаржысын жымқырған жемқорлардан ақша тәркіленіп, мектептер салуға жұмсалуы тиіс» деген болатын Президент Қасым-Жомарт Тоқаев.Елімізде былтыр аяқталған істер бойынша 371,2 млрд теңге өтеліп, 28,9 млрд теңгенің мүлкіне тыйым салынады. Бұл қаражатқа 56 мектеп тұрғызылды. Оның төртеуі Маңғыстауда салынған. Бұл "Заң мен тәртіп - сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметтің басым бағыты" тақырыбында өткен жиында белгілі болды. Жиналғандар өзекті мәселенің алдын алу шараларын талқылады.