Ақтаудың 29А шағын ауданындағы «Көктем» тұрғын үй кешенінің иелері бірнеше жылдан бері жаңбыр мен қардың салдарымен күресіп келеді. Өйткені сапасыз құрылыстың кесірінен үйдің төбесі шұрқ тесік. Су ағардың болмауынан барлық ылғал тұрғын үйдің қабырғаларына сіңіп, пәтерлердің іші көктеп кеткен.