Бүгін аймақ басшысы өңірдің дамуына үлес қосып жүрген қыз-келіншектерді құттықтады. Түрлі салада еңбек етіп жүрген нәзік жандыларға құрмет көрсетті. Салатанатты жиынға мейірім мен шапағатты, ізгілік пен ұлағатты бойына жинаған ақ жаулықтылар мен арулар жиналды.