Маңғыстауда өткен наурыз мейрамы бұрынғыдан өзгерек болды. Ұлыстың ұлы мерекесі биыл ерекше оқиғалармен есте қалды. Өзгерек деп отырғаным, 5 мың маңғыстаулық ұлттық киім киіп, рекорд орнатты. Құнды құжатқа қол жеткізген ағайын жеңісті арқа-жарқа тойлады. Қарасаң көз тоятын бұл шара 22-ші наурыз күні Ақтаудың теңіз жағасында өткен болатын. 5 мың адамның ішінде бірнеше жылдық тон мен тымақ кигендер болса, кейбірі ескігі заманауи өң жасап, өзгешеленді