Президент Қасым-Жомарт Тоқаев IV Ұлттық құрылтайда сөйлеген сөзінде еліміздегі театрлардың жағдайына алаңдаушылық білдірген еді. Мемлекет басшысы Қазақстанда бүгінде 46 аймақтық театрдың бар екенін атап өтіп, өнер ордаларының басым бөлігінде жағдай мәз емес деді.