Ақтауда 70 шақты тұрғын құрылыс компаниясына қаражат салып, баспаналы боламыз деп сан соғып қалып отыр. Үлескерлердің қатарында 45 млн теңгеге дейін ақша құйғандар да бар. Осыдан 4 жыл бұрын басталған құрылыс әу бастан баяу жүріп, соңғы уақытта жұмыстар тоқтатылған, себебі, компания көпқабатты үйдің құрылыс жұмыстарын заңсыз бастаған екен. Аталмыш заңсыздық сотта қаралып, "осы күнге дейін тұрғызылған үй сүріліп тасталсын" деген шешім шығыпты. Енді үлескерлер ақшаларын кері ала алмай әлек болып жүр.