7 сәуір - Дүниежүзілік денсаулық күніне орай әлемнің түрлі елдерінде «Walk the Talk» спорттық акциясы өтті. Шара аймақта да жалғасып, марафонға өңірдегі медицина қызметкерлері мен студенттер, жалпы 200-ге жуық адам ат салысты. Спорттық іс-шараның ашылу салтанатына облыс әкімінің орынбасары Аббат Өрісбаев, денсаулық сақтау басқармасы өкілдері қатысып, сәттілік тіледі.