Өңірде «Бозжыра» визит-орталығының құрылысы басталды. Күні кеше жаңа туристік жобаның қазығы қағылды. Заманауи үлгіде салынатын орталықта саяхаттаушыларға барлық жағдай қарастырылады. Жобада 17 глэмпинг павильоны, 50 қонақүй бөлмесі, жалпы аумағы 450 шаршы метрлік визит-орталығы мен этно-кафе болады.