Қауіпсіз жұмыс - қауіпсіз болашақ
Өндіріс өркендеген сайын, ең алдымен сол өндірісте еңбек етіп жүрген жанның амандығы басты назарда болуға тиіс. Биылғы Дүниежүзілік еңбекті қорғау күніне орай Маңғыстаумұнайгаз акционерлік қоғамы ұйымдастырған форум осы бір маңызды ұстанымды арқау етіп, түрлі сала мамандары мен жауапты тұлғаларды бір алаңға тоғыстырды. Форумның мақсаты - қауіпсіз еңбек ортасын қалыптастыру, адами капиталды сақтау және еңбек адамына деген құрметті арттыру.