Облыс әкімі Нұрдәулет Қилыбайдың төрағалығымен өңірдің төтенше жағдайларының алдын алу және оларды жою жөніндегі комиссия отырысы өтті. Жиында алдағы шомылу маусымында халықтың қауіпсіздігін қамтамасыз ету, өрт кезеңіндегі қауіпсіздік шаралары және апатты үйлердің жағдайы жөніндегі мәселелер қаралды.