Сұрапыл соғыс жылдары тылда қызмет еткендердің еңбегі мен жеңісті жақындатуға қосқан үлесі аз емес.Олар майданға аттанған солдаттардың ас-суын, киім-кешегін уақтылы жеткізумен қатар ауылда қалған үлкен кісілер мен шиеттей бала-шағаның қамын қоса арқалап, тылда толассыз еңбек етті.