Мұнайлыдағы мектеп асханасынан уланған балалардың ісі бойынша кәсіпкерге қатысты сот үкімі шықты.Кәсіп иесі Шапкенова ҚР қылмыстық кодексінің 304-бабы, 1-бөлігі бойынша кінәлі деп танылып, 1 жыл мерзімге бас бостандығынан айырылды. Сондай-ақ ол 3 жыл қоғамдық тамақтану орнында қызмет көрсете алмайды. Белгілі болғандай сотталушы асханада санитарлық талаптарды өрескел бұзған. Салдарынан мектеп асханасында жаппай улану жағдайы тіркеліп, 400-ден астам оқушы уланған болатын. Алайда 182 оқушының ата-анасы кәсіпкердің үстінен арыз түсірген