Ақтау-Үрімші-Ақтау бағытында рейс ашылды. FlyArystan компаниясы халықаралық рейсті іске қосу арқылы Қытай бағытындағы маршруттық желіні стратегиялық тұрғыда кеңейтуді жалғастырып, қолжетімді әрі ыңғайлы саяхаттың жаңа мүмкіндіктерін қалыптастыруды көздейді. Алғашқы рейс бүгінге жоспарланған. Ұшу уақыты: аптасына екі рет - сейсенбі және жұма күндері орындалады. Кері бағыттағы рейстер сәрсенбі және сенбі күндері жүзеге асырылады.