Бейнеулік зейнеткердің ауласында 50 - ден астам жеміс ағашы мен көкөністің бірнеше түрі өсіріледі. Еңбегінің жемісін көріп отырған Гүлзира Оспанова отбасын табиғи өніммен қамтамасыз етіп келеді. Зейнеткердің айтуынша, бақша - тек өнім алатын жер емес, бұл - еңбекке баулитын тәрбие мектебі.