Бейнеу ауданында ерекше күтімді қажет ететін балаларға арналған «Қамқорлық» оңалту орталығы жұмыс істеп тұр. Орталық жылына 600-ге дейін баланы қабылдап, 14 күндік кешенді оңалту курстарын ұйымдастыруға қауқарлы. Мұнда балаларға заманауи оңалту қызметтері көрсетіледі.