"QC Read"  жобасы аясында "Оралхан оқулары" байқауының жеңімпаздары марапатталды. Қыркүйекте басталған жоба мақсаты- жасөспірімдер арасында кітап оқу мәдениетін қалыптастыру, кітапқұмарлық деңгейін арттыру. Бүгінгі қорытынды байқауда жеңімпаз атанғандарға Оралхан Бөкейдің туған жеріне бір апталық жолдама сыйға тартылды.