Маңғыстау өңіріндегі бірегей жерасты мешіттері әлем назарында. Бүгінде ЮНЕСКО сарапшылары тарихи-мәдени маңызы зор нысандарды зерттеп, оларды Бүкіләлемдік мұралар тізіміне енгізу мүмкіндігін қарастыруда. Тізімге ұсынылған бес нысанның қатарында Бекет ата мен Шопан ата жерасты мешіттері бар.