Маңғыстауда саятшылық, атбегілік сияқты өзге де өнер түрін жанына серік еткен азаматтар көп. Атадан қалған мұраны ұрпақтан-ұрпаққа жалғап жүрген жандардың бойында ұлттық құндылыққа деген құмарлық жатыр. Ал Сайын Шапағатов ауылының тұрғыны Балтабек Қибасов болса құс өсірумен айналысып келеді.