Маңғыстауда республикалық және туристік бағыттағы жолдарда санитарлық-гигиеналық аялдамалар пайда болды.Мақсат - жолаушылар мен жүргізушілердің алыс сапар алдында жолда аялдап, тынығуына жағдай жасау.Қазір Бейнеу ауданы аумағынан өтетін күре жолдың 3 учаскесінде жылы әжетханасы бар жол сервистік нысаны тәулік бойы жұмыс істейді.Жері Өзбекстан, Түрікменстанмен шектесетін аймақ жолдарының сапасын жақсарту бағытында санитарлық-гигиеналық аялдамалар санын арттыру күн тәртібіне қойылған.