Ақтауда «Батыс» өңірлік қолбасшылығының теңіз жаяу әскерлері бригадасына шақырылған сарбаздар алғашқы жауынгерлік сынақтан өтті. Бір ай бойы жас сарбаздар әскери өмірдің әліппесін үйреніп, саяси, саптық және жауынгерлік дайындықтарын пысықтады. Алда оларды маңызды кезең - әскери ант қабылдау рәсімі күтіп тұр