Мұнайлы ауданы тұрғындары шу шығарды. Бірнеше жылдан бері жер астынан шығатын судан зардап шеккендер шағымдарын айтты. Шенділердің де мәселені шешеміз деп жүргендеріне біраз уақыт болыпты. Құрғақ уәде мен уақытша шешімдерден мезі болған жұрт проблеманы жуық арада шешіп беруді талап етті.