Қадірлі көрермен, өздеріңізге белгілі Маңғыстау телеарнасы "Ауылдағы тілші" айдарын ашқан болатын. Елдімекендердегі әріптестеріміз тікелей байланысқа қосылып жүр. Әсіресе шалғайда орналасқан тілшілеріміз белсенді. Кезекті ауылдан ақпар таратуға ниет білдіргендердің бірі Сандуғаш Жарылғасынова. Ол облыс орталығынан 485 шақырымда орналасқан Сыңғырлау ауылындағы біздің әріптесіміз. Қасиетті Рамазан айында ауылдағы ағайын игі іс жасап жүр.