Адайдың абыз ақсақалы атанған Жетібай Жылқышыұлын еске алу кеші өтті. Шара, Маңғыстау марғасқасы атанған тұлғаның туғанына 85 жылдығына орай ұйымдастырылды. Көпшілік назарына ақсақалдың өзі тұтынған бұйымдары, қолжазбалары мен кітаптарынан көрме ұсынылды. Жиынға зиялы қауым өкілдері, өлкетанушылар мен тумаластары қатысты.