Бүгінде ветеринар мамандардың алаңсыз еңбек етуіне мемлекет тарапынан барлық жағдай жасалуда. Бұрын ауыл әкімдіктерінің ғимаратын паналап келген ветеринарлық қызмет өкілдеріне өткен жылдан бастап арнайы нысандар салынып берілді. Жаңа ғимараттарда төрт түлікке арналған екпе дәрілерін сақтайтын арнайы орындар қарастырылған.