Әлем чемпионы-Жантөре Сағынғали елге оралды. Біріккен Араб Әмірліктерінің Фуджейра қаласында таеквондодан жасөспірімдер арасында өткен әлем біріншілігінде жерлесіміз алтын медаль жеңіп алды. Чемпионды маңғыстаулықтар мен спортшының туыстары әуежайдан қарсы алды.