Маңғыстауда Бозжыра шатқалы аумағында туристерге арналған визит орталықтың құрылысы аяқталды.Жоба осы айда іске қосылады деп күтілуде.Одан бөлек, атақты туристік орында тағы да екі инвестициялық жоба бой көтермек.Айта кетейік, Бозжыра шатқалы - әлем жұртшылығын тамсандыратын ерекше табиғи мекен.Сондықтан туристерге қызмет көрсету сапасын арттыру, заманауи инфрақұрылымды дамыту бағытында кешенді жұмыстар басталды.