Сондай-ақ, Президент кеңесшісі Ақтаудағы жайлы мектептердің біріне барды. Ол оқу орынның тыныс-тіршілігімен танысып, ұстаздармен кездесті. Жиында білім саласына қатысты президент тапсырмасының орындалуы талқыланып, мұғалімдердің білім сапасын арттыруға бағытталған міндеттер сөз болды. Сондай-ақ, Мемлекет басшысының Ұлттық Құрылтайда көтерілген мәселелері мен тапсырмалары талқыланды. Кеңесші, жиында ұлттық идеологияны қалыптастыруды, ішкі және сыртқы саясатты таразыға салып, саралап отыру керектігін алға тартты. Бұдан бөлек ол Маңғыстауға дейін де бірнеше облысты аралағанын және кездесу соңында көпшіліктің әділетсіздік пен заңсыздыққа кезігетінін жайында шағымның көптігін мәлімдеді