Бозжыра шатқалына соңғы кезде шетелдіктер көп қызығып жүр. Ол туралы тіпті баспасөз бетінде жарық көрген. Британдық The Telegraph басылымы Маңғыстаудағы көрікті жерді "топ 10 шөл" тізіміне енгізді. Басылым Үстірттегі Бозжыраны бірегей геологиялық мекен деп сипаттайды.