Облыста 1 аптада бірнеше тағайындау болды. Мемлекеттік сектор мен ірі бизнес құрылымдарында бірқатар кадрлық өзгерістер болды. Қаражанбасмұнай акционерлік қоғамының бас директоры болып Нұртаза Ибрашев тағайындалды. Ол бұған дейін халықаралық жобаларда, соның ішінде Қашаған кен орнында және Parker Drilling компаниясында жұмыс істеген. Сондай-ақ «ҚазМұнайГаз» жүйесіндегі мұнай сервистік активтерді басқару тәжірибесі бар.