Ақтаулықтар экологиялық акцияға үлес қосты. "Таза Қазақстан" шарасы аясында қала тұрғындары тұрмыстық қалдықтарды қайта өңдеуге тапсырып, қоршаған ортаға пайда әкелуге атсалысты. Игі бастаманы қолға алғандар осы арқылы - қала тазалығын жақсартып, тұрғындар арасында экологиялық мәдениетті қалыптастыруға сеп болмақ.