Аймақта 5 білім ордасы «Үздік мектеп» атанды. Соның бірі Түпқараған ауданындағы Ақшұқыр мектеп лицейі. Өңір басшысы аталмыш білім ошағына арнайы барып, жас түлектерді құттықтады. Білім ошағының басшылығына ҚР министрлігінің марапатын жеткізді. Шара кезінде жас түлектер концерттік бағдарлама ұйымдастырып, ұстаздарына алғыстарын білдірді.