Сондай-ақ, Қазақстан Республикасының Мәдениет және ақпарат вице-министрі мәдениет саласының қызметкерлерімен жүздесті. Жиында облыстағы өнер ұжымдары мен мәдени ошақтардағы өзекті мәселелер айтылды. Соның ішінде кадр тапшылығы, жалақы көтеру мен үстемақы беру, сала мамандарына арналған тұрғын үй салу сияқты салмақты ұсыныстар аталды. Кездесуге қатысқан облыс әкімі айтылған  пікірлердің орынды екенін, сондай-ақ маңызды мәселелерді шешу бойынша жұмыстар атқарылатынын атап өтті. Айта кетейік, қазіргі таңда аймақта 140-қа жуық мәдениет ұйымының  желісі бар. Онда штат бойынша 2400-ден астам адам қызмет атқарады. Оның 1360-тайы ауылдық жерлерде еңбек етіп жүр.