Астаналық кардиологтар мен кардиохирургтар туа біткен жүрек ақауы бар балалардың ата-аналарына арналған көшпелі оқу өткізді. Дәрігерлер аналарға жүктілік кезінде тиісті тексерулердің маңыздылығына тоқталды. Ауру анықталған жағдайда уақтылы ем бастау жолдары түсіндірілді. Айта кетейік, елімізде балаларда туа біткен жүрек ақауы жиі кездесетін патологиялардың бірі. Ресми деректерге сүйенсек, Қазақстанда аталған диагнозбен 380 мыңнан астам кәмелетке толмаған бала бар. Жыл сайын әрбір жаңа туған мың сәбидің шамамен 8-ітуа осы аурумен туылады. Бұл жыл сайын 2,5 мыңға жуық жаңа жағдай деген сөз.