Аймақ басшысы «Қазақ соқырлар қоғамы» бірлестігінің мүшелерімен кездесті. Жиында зағип жандардың әлеуметтік, медициналық және инфрақұрылымдық мәселелері көтерілді. Зейнетақы жинақтарына қолжетімділік, медициналық қызмет көрсету сапасын арттыру, тұрғын үй, инватакси мен жеке көмекшіге қатысты сұрақтар облыс әкіміне жолданды.