Ақтауда Халықаралық балаларды қорғау күніне арналған мерекелік іс-шара ұйымдастырылды. Жиынға 100 жуық жуық бала қатысып, өздерінің жарқын көңіл-күйлерімен мерекеге ерекше сән берді. Шара аясында бүлдіршіндер аниматорлармен бірге көңілді байқауларға қатысып, белсенділік танытты. Шарада балалар ән шырқап, би билеп, өз өнерлерін ортаға салды. Сондай-ақ оларға арналған мерекелік дастархан жайылып, тәттілер үлестірілді.