Мемлекеттік қызметте әйелдерді кемсітушілік жағдайлары тіркелсе, облысы әкімі аппаратының әдеп жөніндегі уәкіліне шағымдануға болады. Десе де, аймақтағы мемлекеттік органдарда мұндай жағдайлар осы күнге дейін болмаған. Бұл қызметте әйелдерді кемсітушілік пен жыныстық қудалаудың алдын алу мақсатында өткізілген жиында айтылды. Кеңеске қатысқандар меритократия қағидаттары бойынша қызметтік өсудің жолдары, жалақы мәселесі әйелдердің кәсіби құқықтары мен міндеттері түсіндірілді. Басқосуға қоғамдық қор өкілдері мен үкіметтік емес ұйым жетекшілері де қатысып, өздерін толғандырған сұрақтарын қойды.