«Ақтау - Түркі әлемінің мәдени астанасы» жобасы аясында «ULTTYQ FEST» фестивалі өтті. Ауқымды мәдени шара барысында «Өткеніңмен үндес, болашағыңмен бірлес» атты концерттік бағдарлама ұйымдастырылды. Салтанатты шарада дизайнерлер өздерінің киімдерін көпшілікке көрсетіп, белсенді болған қала тұрғындарына өз өнімдерін сыйға берді.