Маңғыстау өңірлік электр торап мекемесі ауылдық жерлердегі электр желілерін жаңғырту бойынша ауқымды жұмыстарын бастады.Ақшұқыр ауылынан басталған жөндеу жұмыстары барысында 106 тірек алмастыру жоспарланып отыр.Яғни энергетиктер электр беру желісінің ескі ағаш бағаналарын жаңа темір бетон тіректерге ауыстырады.