Үстірт мемлекеттік табиғи қорығының инспекторлары шөлейт аймақ үшін жалақыларына қосылып берілетін 60 пайыздық үстемақыдан қағылды.Бұл төлем биылдан бастап тоқтатылған, себебі бұрынғы үкімнің күші жойылған.Қызметкерлер бұл шешімді қайта қарау үшін министрлікке өтініш жолдапты. Алайда шөлейт мәртебесін қайта бекіту үшін облыстық деңгейде арнайы комиссия құрылуы керек екені айтылған.Бірақ ол комиссия құрылғанымен,  нақты шешім әлі күнге дейін шықпай, сағызша созылып кеткен.