14 маусым - Дүниежүзілік донорлар күні. Өз еркімен қан тапсырып, талай жанның өмірін сақтап қалуға үлес қосып жүрген жандардың кәсіби мерекесі Ақтауда да атап өтілді. Атаулы күн аясында қаланың бірқатар тұрғыны, соның ішінде мемлекеттік қызметшілер де игі бастамаға белсене қатысып, қан тапсырды.