Ақтауда әуесқой командалар арасында алғаш рет ұйымдастырылған футбол біріншілігі өз мәресіне жетті. 11х11 форматында өткен додаға 20 команда қатысты. Олар төрт топқа бөлініп, іріктеу кезеңінде бақ сынады. Ойын нәтижесіне сәйкес үздік сегіз ұжым жарысты жалғастыру мүмкіндігіне ие болды. Ұйымдастырушылардың айтуынша, мұндай форматтағы турнирге қызығушылық жоғары болған.