Бір топ ерікті Ақтаудағы жағажайды қоқыстан тазартты. «Таза Қазақстан» экологиялық акциясы аясында ұйымдастырылған сенбілікке «Біз адамбыз - біз біргеміз!» қоғамдық қорының мүшелерімен қатар қала тұрғындары атсалысты. Қоғамдық шараларға үнемі араласатын азаматтар жыл сайын қала аумағын тазартып, абаттандыру жұмыстарына үлес қосуды да дәстүрге айналдырған.