Ақтауда халықаралық жастар күніне орай Маңғыстау облысы жастар саясаты мәселелері жөніндегі басқармасының ұйымдастыруымен, «Aktau youth fest» онкүндік фестивалі басталды. Алғашқы ірі іс-шарада «Caspian quiz cup» республикалық куизшілер турнирі өтті. Жарыстың мақсаты - ойыншылардың зияткерлік қабілетін дамытып, қазақ тілінде ойын мәдениетін қалыптастыру.