Ақтауда 28 "а" шағын ауданның тұрғындары «қарапайым қызмет түрінен мақұрым қалдық» деп наразылықтарын айтты. Себебі аталмыш ықшам ауданда көпқабатты 11 үй қараусыз қалған. Меншік иелері бірлестігіне шағымданушылардың айтуларынша үйлердің шатыры шұрқ тесік, подьездегі қабырғаларға сылақ жұмыстары мен электр-желілері дұрыс жүргізілмеген.