Маңғыстаулық БАҚ өкілдері облыстық төтенше жағдайлар департаментінің жұмысымен танысты. Құтқарушылар мен өрт сөндірушілердің қиын да жауапты еңбектерін өз көздерімен көрді. Әрі арнайы техникалармен танысып, оқыс оқиға болған жағдайдағы мамандардың әрекетін бақылады.