Ерекше балалар көңіл көтерді 16.10.2025 18:40 Жүргізуші: Жаңаөзен қаласында мүмкіндігі шектеулі балаларға арналған дастархан жайылды. Бұған Теңге ауылының елуге жуық ерекше балалар қатысты. Оларға ертегі кейіпкерлері өнер көрсетіп, әншілер әсем әндерін арнады.