Маңғыстаудағы қос ірі елдімекенді жалғап тұрған «Құрық-Жетібай» тас жолын күрделі жөндеу биыл аяқталады.Ұзындығы 64 шақырымдық трассаның 24 шақырымы былтыр қалпына келтірілді. 40 шақырымына асфальт төсеу қараша айына жоспарланған.Жоба аясында жолдың жиегі абаттандырылып, демалыс алаңдарын орнату көзделіп отыр.